Қаржы – NBS

«Қаржы» мамандығы

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Бағдарлама тез талдауға қабілетті, жақсы жадыға ие, мақсаты айқын, математиканы жақсы көретін талапкерлерге арналған. Біз студенттерді қаржы саласында әлемдік стандарттарға сай тиімді жұмыс жасауға дайындаймыз. Күрделі қаржылық кезең модельдеудің жетілген әдістерімен қатар қаржылық деректерді терең ұғынуды талап етеді. Нархоз Бизнес Мектебінің «Қаржы» мамандығы бойынша курсы осы міндеттерді шешуге арналған. Біздің түлектер бағалы қағаздар, инвестициялар саласында терең білімге ие, тәуекелді басқару, қаржылық жоспарлау сұрақтарын түсіндіре алады.

Бітіріп шыққаннан кейін мына салаларда мансапты құруға болады:

  • мемлекеттік қаржы мекемелерінде
  • халықаралық компаниялар мен жеке ұйымдарда
  • банктерде
  • сақтандыру компанияларында
  • шағын және орта бизнесте
  • инвестициялық қорларда және басқадай қаржылық институттарда

Оқу жоспары бойынша ақпарат

БИЗНЕС МЕКТЕБІНІҢ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Бизнестегі сандық әдістер
  • Басқарушылық экономика
  • Қаржылық есепке кіріспе
  • Шешім қабылдау үшін есеп
  • Қаржы негіздері
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Көшбасшылық коммуникация дағдылары
  • Ұйымдық мінез-құлық
  • Корпоративтік басқару және құқық
  • Перспективті зерттеулер және болжау

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Инвестицияларды басқару негіздері
  • Қаржы институттары және нарықтар
  • Қаржылық мәліметтер аналитикасы
  • Корпоративтік қаржы 1

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ

  • Тұрақтандырылған табысты активтер
  • Акцияларды талдау және бизнесті бағалау
  • Туынды бағалы қағаздар және тәуекелдерді басқару
  • Қолданбалы портфельдік менеджмент
  • Исламдық қаржыландыру және банк ісі
  • Қаржылық қызметтерді басқару
  • Қаржылық эконометрика
  • Қаржылық экономика
  • Сандық және қаржылық инновациялар
  • Халықаралық қаржылық менеджмент
  • Венчурлық және жеке капитал
  • Іс-әрекет қаржысы
  • Қаржылық модельдеу
  • Корпоративтік қаржы 2

ҚОРЫТЫНДЫ ЖОБА

Соңғы курс студенттері алған білімдерін тәжірибеде әртүрлі компанияларда, сонымен қатар
ұсынылып отырған үш бағыттың біреуін таңдау арқылы дипломдық жобада қолдана алады:
  1. Отандық стартаптар мен ұйымдар үшін консалтингтік жоба
  2. Нархоз Университеті профессорларынің жетекшілігімен орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы
  3. Креативті стартап немесе кейс әзірлеу бойынша жұмыс

ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ