Тянь-Шань тауының баурайындағы табиғаты көркем Алматы қаласында орналасқан Нархоз Университетінің Бизнес мектебі халықаралық деңгейдегі білім беру флагманы болып табылады. 1963 жылдан бері аймақтағы жоғарғы білім саласының көшбасшы бола отырып, Нархоз Орта Азиядағы бизнес пен мемлекеттік биліктің ірі тұлғаларының қалыптасуына көмегін тигізді. Табыс жолы студенттеріміздің университет шаңырағында және одан тысқары жерлерде жеткен жетістіктерінің арқасында әлі де жалғасын табуда.

Нархоз Университетінің Бизнес мектебі (НБМ) студенттердің табысқа жету жолында кездесетін бүкіл материалдық һәм рухани шекараларды жоюға барынша күш салады. НБМ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беретін Қазақстандағы жалғыз үштілді бизнес мектеп. Біз, еліміздегі ең үздік және рейтинг бойынша бірінші орында тұрған, төрт бизнес-бағдарламаны ұсынамыз. Бұған қоса, бизнес-білімнің халықарылық стандарттарына сәйкес келетін, ізденістер мен зерттеулерге, жаңа білімді қалыптастыруга негізделген бизнес бағдарламаларымыз да бар.

Көшпенділердің бай дәстүрі, әлемдегі ең белсенді космос өткелі – Байқоңыры бар елдің білім беру саласындағы көшбасшысы бола отырып, Нархоз Университеті Жаңа Жібек жолындағы өзінің рөлін, Азия мен әлем арасындағы білім мен тауар алмасуына ықпал ете отырып, табысты орындап отыр.

Жылдам өзгеретін сандық экономика тұсында, өзінің көшбасшылық ұстанымын және дәстүрді сақтай отырып, НБМ жаңа алдыңғы қатарлы бағдарламаларды жасауда креативтік және инновациялық тәсілдерді қолданады. Нархоз Бизнес Мектебінде білім алушылар тек қана білім емес, күрделі міндеттер мен болашықтың қиындықтарын шеше алатындай дағдыға ие болады, осы дағдыларын Орталық Азия мен басқа аймақтарды жетілдіру мен өзгертуде қолдануға мүмкіндік алады.

Өз мүмкіндіктеріңізді елестетіңіздер және армандарыңызды бізбен бірге жүзеге асырыңыздар. Болашағыңызды Нархоз Бизнес Мектебімен бірге жасаңыз.

Ізгі тілекпен,

Грегори Данн, PhD