NBS ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ – NBS

Креативті қалалар институты

Қалалар қалай қиял мен шығармашылықтың қозғалытқышына айналады?
Қазіргі уақытта әлем халқының жартысынан көбі қалалық жерлерде тұрады және 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш шамамен 70% -ға жетеді деген болжамдар айтылуда. Қалалар тұрақты өмір сүру, өмір сүру сапасын жақсарту және жылдам инновацияны дамыту мүмкіндігін берсе де, олар бір мезгілде көптеген әлеуметтік, мәдени және экологиялық мәселелерді тудырады.

Орталық Азиядағы жетекші шығармашылық орталық ретінде Алматы мәдени, көркем және кәсіпкерлік шығармашылықтың ордасы болып табылады. NBS Креативті Қала институты осы мәртебені одан әрі нығайтуға тырысады, сонымен бірге XXI ғасырдың табысты қалаларының үлгілі моделі қандай болатыны туралы пікірлермен алмасып, тиісті зерттеулерді дамыту үшін тұрақты диалог пен насихаттауға жәрдемдеседі.

Зерттеушілер командасы

Д-р Анжан Гош

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯ

Д-р Мадина Субалова

КӘСІПКЕРЛІК

Д-р Джон Свиней

КЕЛЕШЕКТІ БОЛЖАУ

Д-р Нергиз Азиз

МАРКЕТИНГ

Креативті Қалалар Институты келесі салаларда жұмыс жасайды:

  • Көшбасшылық, шығармашылық, инновациялар, қалалардың келешегі және дизайн салаларындағы пәнаралық зерттеулер
  • Мемлекеттік қызметкерлер, танымал суретшілер, зерттеушілер мен университеттер арасында біліммен алмасу мүмкіндігі
  • Нархоздың негізгі бастамаларын – кәсіпкерлік пен әлеуметтік кәсіпкерлік; технологиялар мен инновациялар; деректерді талдау және ақылды қалалар – интеграциялау, саясат пен практикалық әсер ету шегінде гуманитарлық ғылымның кең ауқымды бағдарламасын интеграциялау
  • Жаңа академиялық курстарды жасау, студенттердің зерттеулерін қолдау және тәжірибе негізінде оқыту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Нархоз кафедралары мен басқа университеттердің арасында  ынтымақтастық орнату

Адам Ресурстарын Зерттеу Орталығы

HR Research Center (HRRC) 2018 жылы Орталық Азияның  HR саласындағы оқытудың, зерттеудің және практикасының озық тәжірибелі танымал орталығына айналу мақсатында құрылды.

Біздің миссияоқытуды, зерттеуді және ұйымдармен өзара қарым-қатынасты ұштастыра отырып, адами капитал туралы ілімді барынша кеңейту үшін адам ресурстары саласындағы зерттеушілер мен практиктерді біріктіру катализаторы болу.

Біздің мақсатымыз салалардағы құндылықтарды жасау үшін бірлесіп жұмыс жасайтын жетекшілердің, оқытушылардың және студенттердің мықты және авторитетті желісін құру. Ғалымдар мен сала мамандарын біздің зерттеу орталығының көмегімен біріктіру арқылы біз Орталық Азиядағы HR практикасы мен оқыту тәсілдерін өзгертетін жүйе құруды жоспарлап отырмыз.

HRRC ЗЕРТТЕУШІЛЕР КОМАНДАСЫ

Асылбек Нургабдешов

ШЕФФИЛД УНИВЕРСИТЕТІ, ҰЛЫБРИТАНИЯ

Кайрат Молдашев

МАЛАЙИ УНИВЕРСИТЕТІ, МАЛАЙЗИЯ

Санат Кожахмет

МАЛАЙИ УНИВЕРСИТЕТІ, МАЛАЙЗИЯ

Келешекті зерттеу және болжау жөніндегі Казақстандық Ғылыми-зерттеу Институты

Келешекті зерттеу және болжау жөніндегі Казақстандық Ғылыми-зерттеу Институты (QRIFS)  – бұл Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі келешек және стратегиялық болжауды одан әрі зерттеуге арналған, практикалық сабақтарға негізделген «эксперименталды» ғылыми-зерттеу лабораториясы. Біздің басты мақсатымыз – университет деңгейінде болашақ қалай әрекет етеді, қалай ұсынылады және жүзеге асырылады деген ойды қайта қарау. QRIFS келешекті болжау сұрақтарын жалпы білім беру бағдарламасына енгізеді, іскерлік әкімшілік бакалавры үшін қосымша мамандандыруды енгізеді және Нархоз университетінің MBA, DBA және PhD бағдарламалары үшін дипломдық жұмыстар мен диссертациялардың тректерін ұсынады. Қазіргі уақытта QRIFS Нархоз бизнес мектебінде орналасқан. Келешекті болжауға маманданған елдегі алғашқы жоғары оқу орны бола отырып, QRIFS жаңа мүмкіндіктер ашады және үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім береді.