Нархоз – Excelia Group Ля Рошель қос дипломының оқу жоспары Туризм және қонақжайлылық
Туризм мен қонақжайлылыққа мамандану арқылы өз болашағыңызды құрыңыз, ол жаңа туристік өнімдерді, бағдарламаларды, іс-шараларды, қонақүйлер мен мейрамханалардың тиісті тұжырымдамаларын әзірлеуге, басқару шешімдерін қабылдауға және қонақжайлылық кәсіпорындарын өзгертуге арналған деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.
БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ
«Туризм және қонақжайлылық» қос дипломды бағдарламасының түлектері болашақ туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі саласындағы жетекші болу үшін қажетті білім мен дағдыларға ие. Бұл бағдарлама практикалық білімге және оны қолдануға бағытталған, сол арқылы студенттерге өздерінің дағдылары мен қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Қай жерге жұмысқа тұруға болады?
БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
БАҒДАРЛАМА МӘЛІМЕТТЕРІ
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ ПӘНДЕРІ
- Клиенттерге қызмет көрсету
- Туризм және гастрономия
- Туризмдегі Ивэнт менеджмент
- Туризм маркетингі
- Туристік операциялар мен турагенттіктерді басқару
- Туризмді дамыту, сату және өнімді жылжыту
- Қонақжайлылық маркетингі
- Тағам өнеркәсібі
- Стандарттар және сертификаттау
- MICE-туризм (кездесулер, ынталандыру, конференциялар мен көрмелер)
- Геосаясат және Туризм экономикасы
- Туристік ұйымдар
- Туристік бағыттар және қауымдастықтарды басқару
ТӘЖІРИБЕ
- Екінші оқу жылында Қазақстандағы Жазғы тағылымдама
- Францияда немесе ЕО басқа елінде үшінші оқу жылында халықаралық тағылымдама
- Қазақстанның үздік қонақ үйлері мен мейрамханаларында төртінші оқу жылында тәжірибеден өту
БІТІРУШІ ЖОБА
Төртінші оқу жылында студенттер Нархозда және Ля Рошельдің үздік профессорларының жетекшілігімен бітіру жобасын жазып, қорғауы тиіс. Бітіру дипломдық жұмысы үшін студенттер алған білімдерін практикада қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады:
- Стартаптарға немесе ұйымдарға арналған консалтингтік жоба
- Нархоз университеті мен Ла Рошель университетінің профессорларының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмысы
- Кейс немесе креативті стартап жасау жұмысы