БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ – NBS

Бухгалтерлік есеп және аудит

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Математикалық және аналитикалық бейімі бар, жақсы жадыға ие, тыңғылықты және табанды әрі ұқыпты адамдар үшін. Бағдарламада отандық және шетелдік әдістер жақсы ұштасқан: бизнестен алынған шынайы мәліметтерді талдаймыз, іскерлік ойындарды ұйымдастырамыз, үйрететін жобаларды жасап, мастер-кластар өткіземіз. Студенттеріміз ұйымның капиталы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, табыстар мен шығыстар туралы, сондай-ақ қаржылық нәтижелер туралы жақсы біледі. Біз сіздерге бухгалтерлік есеп пен қаржылық басқарудың негізгі әдістерін оқуды және қаржылық операцияларды тиімді басқаруға қажетті тәжірибені алуды ұсынамыз.

Бітіріп шыққаннан кейін мына салаларда мансапты құруға болады:

  • аудиторлық компанияларда

  • бухгалтерлік консалтингтік компанияларда

  • мемлекеттік қаржы мекемелерінде

  • халықаралық компаниялар мен жеке ұйымдарда
  • шағын және орта бизнесте

Оқу жоспары бойынша ақпарат

БИЗНЕС МЕКТЕБІНІҢ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Бизнестегі сандық әдістер
  • Басқарушылық экономика
  • Қаржылық есепке кіріспе
  • Шешім қабылдау үшін есеп
  • Қаржы негіздері
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Көшбасшылық коммуникация дағдылары
  • Ұйымдық мінез-құлық
  • Корпоративтік басқару және құқық
  • Перспективті зерттеулер және болжау

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Аралық қаржылық есеп 1
  • Аралық қаржылық есеп 2
  • Басқару есебі және бақылау
  • Салықсалу негіздері

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ

  • Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
  • Ілгерілемелі қаржылық есеп
  • Аудит және ілеспе қызметтер
  • Қаржылық есептілікті талдау
  • Ілгерілемелі басқару есебі
  • Ішкі аудит және бақылау
  • Қаржылық құралдар есебі
  • Есептегі өзекті тақырыптар
  • Есептің ақпараттық жүйелері
  • Тиімділікті ілгерілемелі басқару
  • Бухгалтерлік есептегі жағдайлар
  • Ілгерілемелі салықсалу
  • Халықаралық қаржылық сәйкестік

ҚОРЫТЫНДЫ ЖОБА

Соңғы курс студенттері алған білімдерін тәжірибеде әртүрлі компанияларда, сонымен қатар ұсынылып отырған үш бағыттың біреуін таңдау арқылы дипломдық жобада қолдана алады:

  1. Отандық стартаптар мен ұйымдар үшін консалтингтік жоба
  2. Нархоз Университеті профессорларынің жетекшілігімен орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы
  3. Креативті стартап немесе кейс әзірлеу бойынша жұмыс

ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ