МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ PR-ТЕХНОЛОГИИ – NBS

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ PR-ТЕХНОЛОГИИ

Клиенттердің қажеттіліктері мен ұйымдардың мақсаттарына сай келетін бейне мен көріністі жасауға биім маркетинг жөніндегі менеджер,  қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер немесе кеңесші ретінде өз болашағыңды жаса.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Маркетинг және PR-технологии бағдарламасының түлектері өз ұйымдарының ең жақсы қызметтерін тұтынушыларға, олардың қажеттіліктері мен қалауларын ескере отырып жеткізуге дайын. Кеңесшілер, менеджерлер және  PR мамандары ретінде бітіруші түлектер өздерінің ұйымдарының өнімдерін, қызметтерін және имиджін нарық қажеттіліктерін және мүдделі тараптардың кең ауқымын ескере отырып жасауға дайын болады. Маркетинг және PR-технология мамандығы 21 ғасырдың тұтынушыларының қажеттіліктеріне арналған PR және маркетинг бойынша шығармашылық және білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Жұмыспен қамту:

Трансұлттық корпорациялар, Шағын және орта бизнес
Бағдарлама түлектері маркетологтар мен PR-мамандары ретінде стартаптарда да, трансұлттық корпорацияларда да жұмыс жасай алады. Біздің түлектер идеяны, нарықта құны бар өнімге айналдыра алатын команданың табысы мен  беделі үшін жауапты мамандар.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР
Түлектердің пәнаралық тәжірибесі бар, PR және маркетинг саласында зерттеулер жүргізу дағдысына ие, мемлекеттік және жеке ұйымдарда зерттеуші қызметінде жұмыс жасауға дайын. Үкіметтік және коммерциялық ұйымдар, әлі де болса, жұмыс берушінің идеяларын, оның қайырымдылық және саяси бастамаларын насихаттауға, алға жылжытуға және қолдауға қабілетті PR және маркетолог мамандарына мұқтаж.
PR және маркетингтік қызмет көрсететін консалтингтік компаниялар
Маркетинг және PR-технологии бағдарламасы студеттерді әртүрлі салалар мен индустрияларда жұмыс жасауға даярлайды. Түлектер кең ауқымды дағдылармен зор практикалық және теориялық білімге ие,  олар өз өнімдерінің нарығын құруға немесе өз имиджін жақсартуға ұмтылатын мемлекеттік және жеке ұйымдарға консалтингтік және кеңес беру қызметтерін ұсына алады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

  • Бағдарлама студенттеріне сабақты және жетекшілікті ең үздік қазақстандық және шетелдік оқытушылар, PR және маркетинг саласындағы кәсіпкерлер мен менеджерлер береді
  • Халықаралық немесе қазақстандық компанияларда, инкубациялық орталықтарда тәжірибеден өту, немесе шетелдік және жергілікті кәсіпкерлермен, студенттер және оқытушылармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін академиялық алмасу мүмкіндіктері
  • Танымал кәсіпкерлердің, Нархоз түлектерінің, Қазақстан және шетелдік ғалымдардың жүйелі түрде өтетін лекциялары мен семинарларын қамтитын Нархоз Бизнес Мектебінің Көшбасшылық бағдарламасына қатысу

БАҒДАРЛАМА МӘЛІМЕТТЕРІ

БАҒДАРЛАМА ПӘНДЕРІ

  • Адам ресурстарын басқару – 6 ECTS
  • Халықаралық менеджмент – 6 ECTS
  • Тиімділікті басқару – 6 ECTS
  • Жабдықтау тізбегін басқару – 6 ECTS
  • Стратегиялық менеджмент – 6 ECTS
  • Қоғаммен байланыс– 6 ECTS
  • Әлеуметтік желілер және digital-маркетинг – 6 ECTS
  • Тұтынушылық мінез-құлықты талдау – 6 ECTS
  • Жаһандық маркетингтік стратегия – 6 ECTS

БІТІРУ ЖОБАСЫ

Бітіруші курстардың студенттері алған білімдерін тәжірибеде қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады:

  • Жергілікті старт-аптарға немесе ұйымдарға арналған Консалтингтік жоба
  • Нархоз Университеті Зерттеу институтының профессорларының жетекшілігі аясында Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу 
  • Кейс немесе креативті старт-ап жасау жұмыстары

ҚОСЫМША МАМАНДЫҚ

Студенттер 3 курста 24 кредиттен тұратын қосымша мамандықты таңдауы керек. Студенттер басқа мектептердің ұсынып отырған кез келген қосымша мамандығын таңдау еркіндігіне ие, бірақ Бизнес мектептің беретін қосымша мамандығын таңдай алмайды. Студенттер, сондай-ақ  пәнаралық қосымша мамандықты таңдай алады, мысалы:

  • Когнитивтік ғылым
  • Келешекті зерттеу және болжау
  • Интеллектуальды меншік құқығы

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ