Маркетинг – NBS

«Маркетинг» мамандығы

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Аналитикалық дағдылары мен идеяларды қалыптастыру қабілеті бар коммуникативті және стресске төзімді адамдар үшін. Біздің бағдарлама студенттерді ұйым мен оның клиенттік базасы арасындағы байланыс құралы бола білуге үйретеді, сол арқылы олар компанияның табысының артуына ықпал етеді. Сіз нақты міндеттер мен бизнес мәселелерді шешуде өз күшіңізді сынап, елдегі ең ірі ұйымдарда тәжірибеден өтуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, әріптес университетте оқып, тәжірибелі маркетологтармен танысуға мүмкіндік аласыз. Біздің түлектер бизнесте де, коммерциялық емес ұйымдарда да сұранысқа ие.

Оқуды аяқтағаннан кейін сіз жасай аласыз:

  • маркетинг саласында зерттеулер жүргізіп және оны басқара аласыз
  • бәсекелестердің өніміне, тұтынушылардың талғамдары мен қажеттіліктеріне талдау жасай аласыз
  • бәсекелестердің алдында брендтің артықшылығын анықтай аласыз
  • жай жарнамадан бастап ивент-маркетингті пайдалана отырып брендті нарықта тарата аласыз
  • пиар-кампанияның тиімділігін бағалай аласыз
  • коммуникативті стратегияларды жасап әрі басқара аласыз
  • тауарды өткізу жүйесін жасауға қатыса аласыз