Туризм – NBS

«Туризм» мамандығы

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Саяхаттауды ұнататын белсенді, ашық, адамдармен араласқанды жақсы көретін, айқын мақсаты бар адамдарға арналған. Бағдарлама теорияны практикамен сәтті үйлестіреді. Лекциялар мен мастер-класстарды өткізуге шетелдік серіктестерімізді шақырамыз, студенттер үшін халықаралық тәжірибелерді ұйымдастырамыз, бұл оларға дипломға қосымша сертификаттар алуға мүмкіндік береді. Студенттерге шет тілін сол тілде сөйлейтін оқытушы үйретеді, сондай-ақ нағыз туристік құрал-жабдықтарды пайдаландырады. Біздің оқытушылар туризмнің басты құзыреттерін меңгерген, және студенттерге халықаралық және мәдениетаралық басқару қажеттіліктерін түсіндіре алады. Студенттер туризмнің экономикалық, әлеуметтік-мәдени және физикалық ортаға әсерін талдап, туризм саласына бағытталған стратегияларды әзірлейді.

Бітіріп шыққаннан кейін мына салаларда мансапты құруға болады:

  • әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласында
  • ұйым менеджменті саласында
  • қонақ үйлерде
  • туристік компанияларда
  • әртүрлі ауқымдағы іс-шараларды ұйымдастыру саласында