Ресторан ісі және қонақүй бизнесі – NBS

«Ресторан ісі және қонақүй бизнесі» мамандығы

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Өз қонақ үй немесе ресторан бизнесін ашқысы келетін, жедел шешім қабылдай алатын, коммуникативті және белсенді адамдарга арналған. Бағдарлама  қонақжайлылық индустриясының іскерлік аспектілеріне баса назар аударады және қаржы мен маркетингтен аспаздық теориясы мен қонақ үй бизнесі сияқты сан алуан тақырыптарды қамтиды. Студенттерді негізгі сабақтарымен қатар, танымал практиктердің лекциялары, мейрамхана ісі зертханасы және кәсіпорындарға экскурсиялар күтеді. Біз индустрияның құрылымы мен жұмыс істеуін терең түсінуге, сондай-ақ қызмет көрсетудің тамаша сапасын қамтамасыз ету үшін клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілдерін меңгеруге ерекше назар аударамыз.

Бітіріп шыққаннан кейін мына салаларда мансапты құруға болады:

  • қоғамдық тамақтандыру орындарында
  • конференция мен іс-шараларды ұйымдастыру салаларында
  • туризм және демалыс салаларында
  • ойын-сауық салаларында