ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ – NBS

ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ

ХХІ ғасырдағы жаңа қоғамды қалыптастыратын жаңа білім мен технологиялық инновацияларды басқара алатын және жасай алатын менеджер немесе кәсіпкер ретінде өз болашағыңызды жасаңыз.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Технологиялар мен инновацияларды басқару бағдарламасының түлектері жаһандық деңгейде өз компанияларының көшбасшылық бағдарын сақтай отырып, үнемі болып жатқан технологиялық және әлеуметтік өзгерістерге толы ортада жұмыс жасауға дайын. Бағдарлама студенттердің кәсіпорындарды басқару және старт-аптарды дамыту дағдыларын нығайтуға бағытталған.

Жұмыспен қамту:

Трансұлттық корпорациялар, старт-аптар және консалтингтік компаниялар
Бағдарлама түлектері бас директор немесе өндірістік бағыттағы жетекші, инновациялар жөніндегі кеңесші ретінде өз мансабын жалғастыра алады. Олар сондай-ақ маркетинг, өнімді дамыту, жобаларды басқару, кәсіптік және венчурлық қаржыландыру саласындағы білім мен дағдыларды меңгереді, өз кезегінде бұл түлектерге мансаптық өсу жолдарын ашады.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
Түлектер инновацияларды басқару мен кәсіпкерлік саласында зор тәжірибеге ие және өздерінің пәнаралық білімдерін инновациялық экожүйелерді жақсарту және шығармашылақ салаларды дамыту саясатын зерттеу мен құру облыстарында қолдана алады.
КӘСІПКЕРЛІК
Технологияларды және инновацияларды басқару бағдарламасы студенттерді әртүрлі салалар мен индустрияларда жұмыс жасауға дайындайды, сондай-ақ өз бизнесін бастауға көмектеседі. Студенттер Бизнес инкубатордың қызметіне, старт-аптарды қолдау қызметіне белсене қатысады, бұл өз кезегінде тәжірибелі кәсіпкерлердің басшылығымен өз компаниясын ашуға мүмкіндік береді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

  • Бағдарлама студенттеріне сабақты және жетекшілікті ең үздік қазақстандық және шетелдік оқытушылар, кәсіпкерлер мен менеджерлер береді
  • Халықаралық немесе қазақстандық компанияларда, инкубациялық орталықтарда тәжірибеден өту, немесе шетелдік және жергілікті кәсіпкерлермен, студенттер және оқытушылармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін академиялық алмасу мүмкіндіктері
  • Танымал кәсіпкерлердің, Нархоз түлектерінің, Қазақстан және шетелдік ғалымдардың жүйелі түрде өтетін лекциялары мен семинарларын қамтитын Нархоз Бизнес Мектебінің Көшбасшылық бағдарламасына қатысу

БАҒДАРЛАМА МӘЛІМЕТТЕРІ

БАҒДАРЛАМА ПӘНДЕРІ

  • Адам ресурстарын басқару – 6 ECTS
  • Халықаралық менеджмент – 6 ECTS
  • Тиімділікті басқару – 6 ECTS
  • Жабдықтау тізбегін басқару – 6 ECTS
  • Стратегиялық менеджмент – 6 ECTS
  • Креативтік, инновация және құндылықтарды құру – 6 ECTS
  • Старт-аптарды басқару – 6 ECTS
  • Инкубация және технологияларды коммерциаландыру – 6 ECTS
  • Сандық тенденциялар – 6 ECTS

БІТІРУ ЖОБАСЫ

Бітіруші курстардың студенттері алған білімдерін тәжірибеде қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады:

  • Жергілікті старт-аптарға немесе ұйымдарға арналған Консалтингтік жоба
  • Нархоз Университеті Зерттеу институтының профессорларының жетекшілігі аясында Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу 
  • Кейс немесе креативті старт-ап жасау жұмыстары

ҚОСЫМША МАМАНДЫҚ

Студенттер 3 курста 24 кредиттен тұратын қосымша мамандықты таңдауы керек. Студенттер басқа мектептердің ұсынып отырған кез келген қосымша мамандығын таңдау еркіндігіне ие, бірақ Бизнес мектептің беретін қосымша мамандығын таңдай алмайды. Студенттер, сондай-ақ  пәнаралық қосымша мамандықты таңдай алады, мысалы:

  • Когнитивтік ғылым
  • Келешекті зерттеу және болжау
  • Интеллектуальды меншік құқығы

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ