ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ – NBS

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ

Қаржы және деректерді талдау маманы ретінде өз болашағыңды құр. Қаржы және деректерді талдау маманы басқару шешімдерін қабылдау мен компанияларды трансформациялау барысында қолданылатын  деректерді түсіндіре және пайдалана алатын болады.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Қаржы және деректерді талдау бағдарламасының түлектері келешектің ұйымдарында көшбасшы болуға қажетті білім мен дағдыға ие болады. Аталмыш бағдарлама практикалық білімге және оны қолдануға бағытталған, сол арқылы студенттерге өз дағдылары мен қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамту:

Трансұлттық корпорациялар, старт-аптар және консалтингтік компаниялар
Бағдарлама түлектері бас директор немесе қаржылық жетекші, қаржы аналитигі немесе инновациялар жөніндегі кеңесші ретінде өз мансабын жалғастыра алады. Олар сондай-ақ маркетинг, өнімді дамыту, жобаларды басқару, кәсіптік және венчурлық қаржыландыру саласындағы білім мен дағдыларды меңгереді, өз кезегінде бұл түлектерге мансаптық өсу жолдарын ашады.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
Түлектер инновацияларды басқару мен кәсіпкерлік саласында, қаржылық институттар мен компанияларда, деректерді талдау саласында зор тәжірибеге ие және өздерінің пәнаралық білімдерін инновациялық экожүйелерді жақсарту және шығармашылақ салаларды дамыту саясатын зерттеу мен құру облыстарында қолдана алады.
КӘСІПКЕРЛІК
Қаржы және деректерді талдау бағдарламасы студенттерді әртүрлі салалар мен индустрияларда жұмыс жасауға дайындайды, сондай-ақ өз бизнесін бастауға көмектеседі. Студенттер Бизнес инкубатордың қызметіне, старт-аптарды қолдау қызметіне белсене қатысады, бұл өз кезегінде тәжірибелі кәсіпкерлердің басшылығымен өз компаниясын ашуға мүмкіндік береді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

  • Бағдарлама студенттеріне сабақты және жетекшілікті ең үздік қазақстандық және шетелдік оқытушылар, кәсіпкерлер мен менеджерлер береді
  • Халықаралық немесе қазақстандық компанияларда, инкубациялық орталықтарда тәжірибеден өту, немесе шетелдік және жергілікті кәсіпкерлермен, студенттер және оқытушылармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін академиялық алмасу мүмкіндіктері
  • Танымал кәсіпкерлердің, Нархоз түлектерінің, Қазақстан және шетелдік ғалымдардың жүйелі түрде өтетін лекциялары мен семинарларын қамтитын Нархоз Бизнес Мектебінің Көшбасшылық бағдарламасына қатысу

БАҒДАРЛАМА МӘЛІМЕТТЕРІ

БАҒДАРЛАМА ПӘНДЕРІ

  • Қаржылық деректерді талдау I: қаржылық эконометрика – 6 ECTS
  • Корпоративті қаржы – 6 ECTS
  • Инвестиция негіздері – 6 ECTS
  • Қаржылық есептілік және талдау – 6 ECTS
  • Қаржылық туынды құралдарға кіріспе – 6 ECTS
  • Қаржылық деректерді талдау I: қаржылық модельдеу және инжиниринг – 6 ECTS
  • Қаржылық институттарды басқару – 6 ECTS
  • Қаржылық бағалы қағаздарды және портфельді талдау – 6 ECTS
  • Қаржылық тәуекелдерді талдау және басқару – 6 ECTS
  • Халықаралық қаржы – 6 ECTS

БІТІРУ ЖОБАСЫ

Бітіруші курстардың студенттері алған білімдерін тәжірибеде қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады:

  • Жергілікті старт-аптарға немесе ұйымдарға арналған Консалтингтік жоба
  • Нархоз Университеті Зерттеу институтының профессорларының жетекшілігі аясында Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу
  • Кейс немесе креативті старт-ап жасау жұмыстары

ҚОСЫМША МАМАНДЫҚ

Студенттер 3 курста 24 кредиттен тұратын қосымша мамандықты таңдауы керек. Студенттер басқа мектептердің ұсынып отырған кез келген қосымша мамандығын таңдау еркіндігіне ие, бірақ Бизнес мектептің беретін қосымша мамандығын таңдай алмайды. Студенттер, сондай-ақ  пәнаралық қосымша мамандықты таңдай алады, мысалы:

  • Когнитивтік ғылым
  • Келешекті зерттеу және болжау
  • Интеллектуальды меншік құқығы

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ