Біздің Декан – NBS
null

Давлатбек Абдувалиев

Декан

Деканның жолдауы

Қымбатты достар, 

Біз қызықты уақытта өмір сүрдік, және бұдан әрі де солай бола бермек. Біз көрген өзгеріс қарқыны бұрын-соңды болмаған және әлі де өзінің шыңына жеткен жоқ. Біздің әлем қарқынды дамып келе жатқан күрделі, белгісіз және түсініксіз дүние.

Осындай ортада қалай жетістікке жетесіз? Сіз епті, икемді, әрі жылдам биімделгіш болуыңыз керек. Ауқымды бейнені көріп, оның нүктелерін қоса білу қажет. Ақпараттарды жылдам сүзгіден өткізіп, тез игеру маңызды. Іргелі білім мен кәсіби дағдылардың берік негізін қалыптастыру қажет. Сіз эмоционалды тұрақтылыққа ие болуыңыз керек және мінез-құлық дағдыларын дамытуыңыз керек.

НарХоз Бизнес Мектебінде біз оқуға, дамуға және жұмыс істеуге көмектесетін жоғарыдағы дағдыларды дамытуға қажетті мәдениетті қалыптастыруға және сақтауға ұмтыламыз. Біз, сіздер, көшбасшылар, білім, тәжірибе және идеялармен бөлісу әрі алмасу үшін кездесетін Хабты құрып, дамытамыз. Сонымен қатар, біз әлемнің түкпір-түкпірінен осындай зерттеушілерді, оқытушылар мен білім алушыларды шақырамыз.

Аталмыш ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында біз бакалавриат, магистратура және жетекшілерге арналған бизнес-білімнің  көптілді бағдарламаларын дайындаймыз, дамытамыз. Бұл бағдарламалар болашаққа бағытталған және ептілік пен икемділікті дәріптейді. Сондай-ақ, біз бизнес білімді дамытуды қолдаймыз, біздің зерттеу институттарымыздың, бизнес-кейс орталықтарымыздың көмегімен академияны индустриямен біріктіреміз.

Бұл ретте біз қызметтеріміздің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру және адамзаттың дамуына үлес қосу үшін сапаны, инфрақұрылымды және дарындылықты үнемі жетілдіріп отырамыз.

Сізді бізбен бірге бейімдеріңіз бен әлеуеттеріңізді ашуға шақырамын. Біздің веб-сайттағы және әлеуметтік медиа арналардағы ұсыныстарымыз, бағдарламаларымыз және адамдарымыз туралы оқып, бізбен байланыста болыңыз.

Ізгі ниетпен,

Давлатбек Абдувалиев.