ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП – NBS

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП (АССА аккредиттелген)

Өз болашағыңды консалтингтегі, үкімет және мемлекеттік ұйымдардағы бухгалтерлік және басқару есебі саласындағы маман ретінде баста. Бағдарлама  есеп тәжірибесін қолдануға бағытталған және ACCA дипломының F деңгейінің барлығын қамтиды.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Халықаралық есеп (АССА) бағдарламасының түлектері бизнестегі және мемлекеттік мекемелердегі қаржы ресурстарын есепке алу, талдау және басқару саласындағы барлық қажетті құзыреттерді меңгеріп шығады. Бағдарлама нарықтың кез-келген сегментінде табысты мансапқа жете алатын және әлемдік деңгейдегі Халықаралық кәсіби бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) сертификатталған мүшесі бола алатын мамандарды даярлауға бағытталған.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ:

Трансұлттық корпорациялар, стартаптар және консалтингтік компаниялар
Бағдарлама түлектері корпоративтік бухгалтерлер, басқару есебі бойынша бухгалтерлер мен аналитиктер ретінде өз мансаптарын жалғастыра алады. Олар, сондай-ақ компанияның ақша қаражаттарын бақылау мен басқару, бюджеттер мен болжамдарды дайындау, қаржылық есептіліктерді дайындау бойынша терең білім мен дағдыға ие. Бағдарламаның түлектері ішкі және сыртқы аудит саласында да жұмыс істей алады.
Ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдар
Бітіруші түлектер бухгалтерлік есеп пен кәсіпкерлік, қаржылық есеп пен аудит салаларында зор тәжірибеге ие, олар өздерінің пәнаралық білімдерін бүкіл әлем бойынша бірыңғай есепке алу регламенттерін жасау үшін стандарттарды әзірлеу және зерттеу саласында қолдана алады.
Кәсіпкерлік
Халықаралық есеп бағдарламасы студенттерді әртүрлі салалар мен индустрияларда жұмыс жасауға дайындайды, сондай-ақ өз бизнесін бастауға көмектеседі. Студенттер Бизнес инкубатордың қызметіне, старт-аптарды қолдау қызметіне белсене қатысады, бұл өз кезегінде тәжірибелі кәсіпкерлердің басшылығымен өз компаниясын ашуға мүмкіндік береді. 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

  • Бағдарлама студенттеріне сабақты және жетекшілікті АССА сертификаттары бар ең үздік қазақстандық және шетелдік оқытушылар, кәсіпкерлер мен менеджерлер береді
  • Халықаралық немесе қазақстандық компанияларда, инкубациялық орталықтарда тәжірибеден өту, немесе шетелдік және жергілікті кәсіпкерлермен, студенттер және оқытушылармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін академиялық алмасу мүмкіндіктері
  • Танымал кәсіпкерлердің, Нархоз түлектерінің, Қазақстан және шетелдік ғалымдардың жүйелі түрде өтетін лекциялары мен семинарларын қамтитын Нархоз Бизнес Мектебінің Көшбасшылық бағдарламасына қатысу

БАҒДАРЛАМА МӘЛІМЕТТЕРІ

БАҒДАРЛАМА ПӘНДЕРІ

  • Бизнестегі бухгалтер – F1 – 6 ECTS
  • Есептегі ақпараттық жүйелер (АССА) – 6 ECTS
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (АССА) – 6 ECTS
  • Корпоративтік және бизнес құқық – F4 – 6 ECTS
  • Бизнес тиімділігін басқару есебі – F5 – 6 ECTS
  • Салық және салық салу – F6 – 6 ECTS
  • Қаржылық есептілік – F7 – 6 ECTS
  • Аудит және сенімділікті айқындау – F8 – 6 ECTS
  • Қаржылық менеджмент – F9 – 6 ECTS
  • Қаржылық талдау – F9/1 – 6 ECTS

БІТІРУ ЖОБАСЫ

Бітіруші курстардың студенттері алған білімдерін тәжірибеде қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады:

  • Жергілікті старт-аптарға немесе ұйымдарға арналған Консалтингтік жоба
  • Нархоз Университеті Зерттеу институтының профессорларының жетекшілігі аясында Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу 
  • Кейс немесе креативті старт-ап жасау жұмыстары

ҚОСЫМША МАМАНДЫҚ

Студенттер 3 курста 24 кредиттен тұратын қосымша мамандықты таңдауы керек. Студенттер басқа мектептердің ұсынып отырған кез келген қосымша мамандығын таңдау еркіндігіне ие, бірақ Бизнес мектептің беретін қосымша мамандығын таңдай алмайды. Студенттер, сондай-ақ  пәнаралық қосымша мамандықты таңдай алады, мысалы:

  • Когнитивтік ғылым
  • Келешекті зерттеу және болжау
  • Интеллектуальды меншік құқығы

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ