БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ – NBS

Бухгалтерлік есеп және аудит

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Математикалық және аналитикалық бейімі бар, жақсы жадыға ие, тыңғылықты және табанды әрі ұқыпты адамдар үшін. Бағдарламада отандық және шетелдік әдістер жақсы ұштасқан: бизнестен алынған шынайы мәліметтерді талдаймыз, іскерлік ойындарды ұйымдастырамыз, үйрететін жобаларды жасап, мастер-кластар өткіземіз. Студенттеріміз ұйымның капиталы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы, табыстар мен шығыстар туралы, сондай-ақ қаржылық нәтижелер туралы жақсы біледі. Біз сіздерге бухгалтерлік есеп пен қаржылық басқарудың негізгі әдістерін оқуды және қаржылық операцияларды тиімді басқаруға қажетті тәжірибені алуды ұсынамыз.

Бітіріп шыққаннан кейін мына салаларда мансапты құруға болады:

  • аудиторлық компанияларда
  • бухгалтерлік консалтингтік компанияларда
  • мемлекеттік қаржы мекемелерінде
  • халықаралық компаниялар мен жеке ұйымдарда
  • банктерде
  • шағын және орта бизнесте
  • инвестициялық қорларда және басқадай қаржылық институттарда