Қаржы – NBS

«Қаржы» мамандығы

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Бағдарлама тез талдауға қабілетті, жақсы жадыға ие, мақсаты айқын, математиканы жақсы көретін талапкерлерге арналған. Біз студенттерді қаржы саласында әлемдік стандарттарға сай тиімді жұмыс жасауға дайындаймыз. Күрделі қаржылық кезең модельдеудің жетілген әдістерімен қатар қаржылық деректерді терең ұғынуды талап етеді. Нархоз Бизнес Мектебінің «Қаржы» мамандығы бойынша курсы осы міндеттерді шешуге арналған. Біздің түлектер бағалы қағаздар, инвестициялар саласында терең білімге ие, тәуекелді басқару, қаржылық саясат пен салықтық жоспарлау сұрақтарын түсіндіре алады.

Бітіріп шыққаннан кейін мына салаларда мансапты құруға болады:

  • мемлекеттік қаржы мекемелерінде
  • халықаралық компаниялар мен жеке ұйымдарда
  • банктерде
  • сақтандыру компанияларында
  • шағын және орта бизнесте
  • инвестициялық қорларда және басқадай қаржылық институттарда