БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ HR – NBS

«БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ HR»

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Логикалық ойлау қабілеті бар, сыни тұрғыда ойлай алатын, мәселелерді кең ауқымды көзқараспен қарауға қабілетті адамдарға арналған. Біздің бағдарлама тек қана нарықта сұранысқа ие болатын емес, сонымен қатар пәнаралық дағдысы бар дарынды мамандарды даярлайды.  Студенттеріміз адам ресурстарын басқару негіздерімен танысып, бизнес үрдістерді оңтайлы және тиімді құру туралы білім алады. Сіздер үрдістерді болжау және инженерлеудің соңғы жетістіктеріне қол жеткізіп, өз күштеріңізді нақты бизнес кейстерді шешуде қолдана аласыздар. Сонымен қатар, біздің бағдарлама сізге халықаралық жарыстарға қатысуға, ірі компанияларда тәжірибе алуға және елдегі үздік мамандардың семинарларына қатысу үшін қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

Оқуды аяқтағаннан кейін сіз жасай аласыз:

  • бәсекеге қабілетті және  икемді ұйым жасауға қажетті бизнес үрдістерді зерттеп, талдау жасай аласыз
  • еңбек ресурстарын болжамдап, адам ресурстарын басқару стратегиясында басымдылықтарды қоя аласыз
  • жұмыстарға талдау жүргізіп, қызметкерлердің жүктемесін бөлуді оңтайландыра аласыз
  • қызметкерлерді ынталандыра аласыз
  • ұйымның бизнес стратегиясын жасауға қатыса аласыз

Оқу жоспары бойынша ақпарат

БИЗНЕС МЕКТЕБІНІҢ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Бизнестегі сандық әдістер
  • Басқарушылық экономика
  • Қаржылық есепке кіріспе
  • Шешім қабылдау үшін есеп
  • Қаржы негіздері
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Көшбасшылық коммуникация дағдылары
  • Ұйымдық мінез-құлық
  • Корпоративтік басқару және құқық
  • Перспективті зерттеулер және болжау

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Стратегиялық менеджмент
  • Адам ресурстарын басқару
  • Жобалық менеджмент
  • Өзгерістерді басқару

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ

  • HR үдерістер
  • Бағалау және өтемақы
  • Еңбек ресурстарын жоспарлау
  • Кадрлық әлеуетті дамыту және басқару
  • Халықаралық HR
  • Еңбек мотивациясы

ҚОРЫТЫНДЫ ЖОБА

Соңғы курс студенттері алған білімдерін тәжірибеде әртүрлі компанияларда, сонымен қатар
ұсынылып отырған үш бағыттың біреуін таңдау арқылы дипломдық жобада қолдана алады:
  1. Отандық стартаптар мен ұйымдар үшін консалтингтік жоба
  2. Нархоз Университеті профессорларынің жетекшілігімен орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы
  3. Креативті стартап немесе кейс әзірлеу бойынша жұмыс

 

ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ