Туризм және қонақжайлылық – NBS

Нархоз – Excelia Group және Ля Рошель қос дипломының оқу жоспары Туризм және қонақжайлылық

Туризм мен қонақжайлылыққа мамандану арқылы өз болашағыңызды құрыңыз, ол жаңа туристік өнімдерді, бағдарламаларды, іс-шараларды, қонақүйлер мен мейрамханалардың тиісті тұжырымдамаларын әзірлеуге, басқару шешімдерін қабылдауға және қонақжайлылық кәсіпорындарын өзгертуге арналған деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

«Туризм және қонақжайлылық» қос дипломды бағдарламасының түлектері болашақ туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі саласындағы жетекші болу үшін қажетті білім мен дағдыларға ие. Бұл бағдарлама практикалық білімге және оны қолдануға бағытталған, сол арқылы студенттерге өздерінің дағдылары мен қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Қай жерге жұмысқа тұруға болады?

Халықаралық қонақ үйлер желілері, мейрамханалар, фаст-фуд желілері, мемлекеттік, жеке және халықаралық форматтағы туристік кәсіпорындар, түрлі тамақтандыру кәсіпорындары.
Бағдарлама бітірушілері менеджмент, маркетинг, өнімді әзірлеу және жылжыту, қонақжайлылық және кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару саласындағы білімдері мен дағдыларына ие, бұл оларға келесідей мансаптық мүмкіндіктер ашады
  • Қонақ үйдің басқарушысы
  • Мейрамхана басқарушысы
  • Турфирм басқарушы директорлары
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
Түлектер туристік институттар мен компаниялардың инновациялық менеджменті мен кәсіпкерлік саласында тәжірибесі бар, сондай-ақ қонақжайлылық кәсіпорындары өздерінің пәнаралық білімдерін туризм мен қонақжайлылық индустриясын жақсарту үшін ғылыми зерттеулер мен саясатты құруда қолдана алады.
  • Стартаптар
  • Инновациялық жобалар
  • Бизнес үдерістер
КӘСІПКЕРЛІК
«Туризм және қонақжайлылық» бағдарламасы студенттерді туризм және қонақжайлылық саласындағы жұмысқа (орналастыру, тамақтану, ойын-сауық, іс-шаралар), сондай-ақ жеке ісін бастауға дайындайды. Студенттер бизнес-инкубатордың жұмысына және стартаптарды дамытуға белсенді қатысады, бұл өз компаниясын тәжірибелі кәсіпкерлердің басшылығымен ашуға мүмкіндік береді.
  • Министрліктегі туризм бөлімдерінің басшылары
  • Туризм саласындағы зерттеушілер
  • Кәсіби туристік қауымдастықтар

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

  • 4 жыл үшін 2 диплом: Нархоз Университеті және Ля Рошель университеті
  • Жаһандық мансаптық мүмкіндіктерін ұсынады: Ла Рошель университетін бітіргеннен кейін сіз ЕО елдерінде жұмыс істей аласыз немесе магистратурада оқуды жалғастыра аласыз
  • Халықаралық тағылымдаманы Францияда (француз тілін білетін жағдайда) немесе ЕО-ның басқа елдерінде өту мүмкіндігі.
  • Нархоз университетінде 2 жыл, Ля Рошель университетінде 1 жыл және Нархоз университетінде 1 жыл оқып жүріңіз
  • Инкубациялық орталық және алмасу мүмкіндіктері шетелдік және жергілікті кәсіпкерлермен, студенттермен және оқытушылармен тығыз байланыста болуға мүмкіндік береді.
  • 4 тілді жетік меңгеру: ағылшын, француз (испан, итальян және ЕО елдерінің басқа тілдері), қазақ және орыс

БАҒДАРЛАМА МӘЛІМЕТТЕРІ

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ ПӘНДЕРІ

  • Клиенттерге қызмет көрсету
  • Туризм және гастрономия
  • Туризмдегі Ивэнт менеджмент
  • Туризм маркетингі
  • Туристік операциялар мен турагенттіктерді басқару
  • Туризмді дамыту, сату және өнімді жылжыту
  • Қонақжайлылық маркетингі
  • Тағам өнеркәсібі
  • Стандарттар және сертификаттау
  • MICE-туризм (кездесулер, ынталандыру, конференциялар мен көрмелер)
  • Геосаясат және Туризм экономикасы
  • Туристік ұйымдар
  • Туристік бағыттар және қауымдастықтарды басқару

ТӘЖІРИБЕ

  • Екінші оқу жылында Қазақстандағы Жазғы тағылымдама
  • Францияда немесе ЕО басқа елінде үшінші оқу жылында халықаралық тағылымдама
  • Қазақстанның үздік қонақ үйлері мен мейрамханаларында төртінші оқу жылында тәжірибеден өту

БІТІРУШІ ЖОБА

Төртінші оқу жылында студенттер Нархозда және Ля Рошельдің үздік профессорларының жетекшілігімен бітіру жобасын жазып, қорғауы тиіс. Бітіру дипломдық жұмысы үшін студенттер алған білімдерін практикада қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады:

  • Стартаптарға немесе ұйымдарға арналған консалтингтік жоба
  • Нархоз университеті мен Ла Рошель университетінің профессорларының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмысы
  • Кейс немесе креативті стартап жасау жұмысы

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ