Деканат – NBS
null

Майра Жарылкасинова

Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары
Майра Жарылкасинова – Narxoz бизнес мектебі деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, сонымен қатар доцент қызметін атқарады. Нархоз университетінің экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне, сонымен қатар DipIFR (ACCA) және CAP кәсіби сертификаттарына ие. Майра Қызылорда политехникалық университетінде бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Ол «Болашақ» стипендиаты (Лейден университеті, Нидерланды) және бухгалтерлік есеп қызметімен айналысады.
null

Елена Крупина

Деканның әкімшілік жұмысы жөніндегі орынбасары
Елена Крупина Narxoz бизнес мектебінде Деканның әкімшілік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Нархоз университетіне келгенге дейін Елена магистратура бағдарламаларының жетекшісі, сондай-ақ Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқытушы болып жұмыс істеді. Елена КИМЭП Университетінде магистратура бағдарламалары мен әкімшілік әлеуеттің менеджері болды. Сонымен қатар ол КИМЭП Университетінің бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы MBA дәрежесіне ие. Қазіргі уақытта Елена Narxoz университетінде DBA бағдарламасын аяқтап жатыр. Тәжірибелі әкімшілік қызметкер ретінде ол бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын іске қосу, басқару және аккредитациялау саласында көп жылдық тәжірибе жинау үстінде.
null

Анна Нагорнова

Аккредитация және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі директор
Анна Нагорнова Narxoz бизнес мектебінде аккредитациялау және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі директор қызметін атқарады. Ол Оңтүстік Кореяның мемлекеттік саясат және менеджмент мектебінде магистратурасын бітірген. Аннаның ғылыми-зерттеу институттарындағы жұмысы жеке және мемлекеттік сектор білімі мен тәжірибесін біріктіреді. Ол бұған дейін Орталық Азиядағы Американдық Университетінде зерттеуші және оқытушы ретінде шығармашылық мүмкіндіктерін қолдана отырып, Стратегиялық даму жөніндегі менеджер ретінде жұмыс істеген.
null

Марал Тоқтарбай

Академиялық координатор
Марал Тоқтарбай – Narxoz бизнес мектебінде академиялық координатор қызметін атқарады. 2017 жылы халықаралық құқық магистрі дәрежесін алды. Бүгінгі күнге дейін халықаралық ынтымақтастық саласында жұмыс істеген.
null

Әйгерім Джунусбекова

Магистратура және докторантура бағдарламалардың кориндинаторы
Әйгерім Джунусбекова – 2011 жылы Narxoz университетіне қосылып, қазіргі таңда Narxoz бизнес мектебінде магистратура және докторантура бағдарламаларының координаторы болып қызмет етеді. Ол Narxoz универстетінде менеджмент саласындағы магистр дәрежесін алған.