Нархоз – Ковентри қос дипломының оқу жоспары ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСЕП (АССА аккредиттелген)
Өз болашағыңды консалтингтегі, үкімет және мемлекеттік ұйымдардағы бухгалтерлік және басқару есебі саласындағы маман ретінде баста. Бағдарлама есеп тәжірибесін қолдануға бағытталған және ACCA дипломының F деңгейінің барлығын қамтиды.
БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ
Қос диплом бағдарламасының бітірушілері Халықаралық есеп (АССА) бағдарламасының түлектері бизнестегі және мемлекеттік мекемелердегі қаржы ресурстарын есепке алу, талдау және басқару саласындағы барлық қажетті құзыреттерді меңгеріп шығады. Бағдарлама нарықтың кез-келген сегментінде табысты мансапқа жете алатын және әлемдік деңгейдегі Халықаралық кәсіби бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) сертификатталған мүшесі бола алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
БАҒДАРЛАМА МӘЛІМЕТТЕРІ
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ ПӘНДЕРІ
- Корпоративтік және бизнес құқық – F4
- Бизнестің тиімділігін басқару есебі – F5
- Салықтар және салық салу – F6
- Қаржылық есеп – F7
- Аудит және сенім білдіру – F8
- Қаржы менеджменті – F9
- Қаржылық талдау – F9/1
- Есептегі ақпараттық жүйелер (АССА)
ТӘЖІРИБЕ
- Ковентри университетінің екінші оқу жылындағы жазғы мектебі
- Қазақстанда үшінші оқу жылында тәжірибеден өту
- Төртінші оқу жылында халықаралық тәжірибе
БІТІРУШІ ЖОБА
Ковентридегі төртінші оқу жылында бітіруші курс студенттері дипломдық жобаны жазып, оны онлайн форматта қорғауы керек. Бітіру дипломдық жұмысы үшін студенттер алған білімдерін практикада қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады:
- Старт-аптарға немесе ұйымдарға арналған консалтингтік жоба
- Нархоз университеті мен Ковентри университетінің профессорларының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмысы
- Кейс немесе креативті стартап жасау жұмысы