Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «Маркетинг» мамандығының 3-курс студенттері «ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТЕГІ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбында өткен І Халықаралық студенттік сырттай олимпиадасына қатысты
Нархоз бизнес мектебінің “Маркетинг” мамандығының 3 курс студенттері Баккожанова Асем, Валиев Абдурасул, Гайнешева Асель, Орынбасарова Фариза Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткен І Халықаралық студенттік сырттай олимпиадасына қатысты. Олимпиаданың тапсырмаларын орындау аясында э. ғ. к., “Менеджмент және маркетинг” ҒБД қауымдастырылған профессоры Дюсембекова Ж. М. жетекшілігімен студенттер «Маркетингтегі сандық технологиялар» тақырыбына эссе жазып, «Сканерлеу және сатып алу: QR кодтарын қолдана отырып, интернетті сатудың инновациялық тәсілі» жобасын дайындады.
Олимпиадаға қатысу нәтижелері бойынша команда II орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және келешекте табыс тілейміз!!!