ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ – NBS

Нархоз – Ковентри қос дипломының оқу жоспары Қаржы және деректерді талдау

Қаржы және деректерді талдау маманы ретінде өз болашағыңды құр. Қаржы және деректерді талдау маманы басқару шешімдерін қабылдау мен компанияларды трансформациялау барысында қолданылатын  деректерді түсіндіре және пайдалана алатын болады.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Қос диплом бағдарламасының бітірушілері Қаржы және деректерді талдау бағдарламасының түлектері келешектің ұйымдарында көшбасшы болуға қажетті білім мен дағдыға ие болады. Аталмыш бағдарлама практикалық білімге және оны қолдануға бағытталған, сол арқылы студенттерге өз дағдылары мен қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамту

Трансұлттық корпорациялар, старт-аптар және консалтингтік компаниялар
Бағдарлама түлектері маркетинг, өнімді дамыту, жобаларды басқару, кәсіптік және венчурлық қаржыландыру саласындағы білім мен дағдыларды меңгереді, өз кезегінде бұл түлектерге мансаптық өсу жолдарын ашады.
  • Бас директор немесе жолдама басшысы
  • Қаржы талдаушысы
  • Инновация бойынша Эдвайзер
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР
Түлектер инновацияларды басқару мен кәсіпкерлік саласында, қаржылық институттар мен компанияларда, деректерді талдау саласында зор тәжірибеге ие және өздерінің пәнаралық білімдерін инновациялық экожүйелерді жақсарту және шығармашылақ салаларды дамыту саясатын зерттеу мен құру облыстарында қолдана алады.
  • Стартаптар
  • Инновациялық жобалар
  • Бизнес үдерістер
КӘСІПКЕРЛІК
Қаржы және деректерді талдау бағдарламасы студенттерді әртүрлі салалар мен индустрияларда жұмыс жасауға дайындайды, сондай-ақ өз бизнесін бастауға көмектеседі. Студенттер Бизнес инкубатордың қызметіне, старт-аптарды қолдау қызметіне белсене қатысады, бұл өз кезегінде тәжірибелі кәсіпкерлердің басшылығымен өз компаниясын ашуға мүмкіндік береді.
  • Зерттеушілер
  • Заң шығарушылар
  • Қоғам қайраткерлері

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

  • 4 жыл үшін 2 диплом: Нархоз Университеті және Ковентри университеті
  • Мансаптық өсудің жаһандық мүмкіндіктері: Ковентри университетін бітіргеннен кейін сіз Ұлыбританияда жұмыс істеуге немесе магистратурада оқуды жалғастыруға құқылы боласыз
  • Ковентри университетінің екінші оқу жылындағы жазғы мектебі
  • Англиядағы халықаралық тәжірибе
  • Нархозда 3 жыл және Ковентриде соңғы жыл
  • Инкубациялық орталық, шетелдік және жергілікті кәсіпкерлермен, студенттер мен оқытушылармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін алмасу мүмкіндіктері

БАҒДАРЛАМА МӘЛІМЕТТЕРІ

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ ПӘНДЕРІ

  • Корпоративтік қаржы
  • Қаржылық есеп және талдау
  • Инвестициялар негіздері
  • Қаржылық деректерді талдау I: қаржылық эконометрика
  • Қаржылық деректерді талдау II: қаржылық моделдеу және инжиниринг
  • Қаржылық бағалы қағаздар мен портфельді талдау
  • Қаржы тәуекелдерін талдау және басқару
  • Қаржылық менеджмент

ТӘЖІРИБЕ

  • Ковентри университетінің екінші оқу жылындағы жазғы мектебі
  • Қазақстанда үшінші оқу жылында тәжірибеден өту
  • Төртінші оқу жылында халықаралық тәжірибе

БІТІРУШІ ЖОБА

Ковентридегі төртінші оқу жылында бітіруші курс студенттері дипломдық жобаны жазып, оны онлайн форматта қорғауы керек. Бітіру дипломдық жұмысы үшін студенттер алған білімдерін практикада қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады:

  • Старт-аптарға немесе ұйымдарға арналған консалтингтік жоба
  • Нархоз университеті мен Ковентри университетінің профессорларының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмысы
  • Кейс немесе креативті стартап жасау жұмысы

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ