Менеджмент – NBS

«Менеджмент» мамандығы

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Көшбасшылық бейімі, аналитикалық қабілеті мен коммуникативті қасиеті, өрмінезі ұштасқан адамдарға арналған. Біздің түлектер жабдықтау және логистика мәселелерін шешіп, кәсіпорындағы өндірістік үрдістерді реттей алады, сондай-ақ клиенттермен және жабдықтаушылармен тіл табысып, жоба менеджменті мен іс жүргізу сұрақтарымен айналыса алады.  Нархоз оқытушылары студенттердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға, іскерлік бейімділігін күшейтуге күш салады. Сіздер жемісті стратегиялар мен мықты команданы құруға, бәсекелестік қатерді тез анықтап, өз компанияңыздың өсіне ықпал етуге дайын боласыздар.

Бітіріп шыққаннан кейін мына салаларда мансапты құруға болады:

  • консалтингтік салаларда
  • адам ресурстары саласында
  • халықаралық компаниялар мен жеке ұйымдарда
  • мемлекеттік қызметтер саласында

Оқу жоспары бойынша ақпарат

БИЗНЕС МЕКТЕБІНІҢ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Бизнестегі сандық әдістер
  • Басқарушылық экономика
  • Қаржылық есепке кіріспе
  • Шешім қабылдау үшін есеп
  • Қаржы негіздері
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Көшбасшылық коммуникация дағдылары
  • Ұйымдық мінез-құлық
  • Корпоративтік басқару және құқық
  • Перспективті зерттеулер және болжау

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Стратегиялық менеджмент
  • Адам ресурстарын басқару
  • Жобалық менеджмент
  • Өзгерістерді басқару

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ

  • Инновациялық менеджмент
  • Бизнес жоспарлау және консалтинг
  • Операциялық менеджмент
  • Бизнес және қоғам
  • Ұйымдық дағдарысты басқару
  • Ғаламдық құндылықтар жүйесін басқару

ҚОРЫТЫНДЫ ЖОБА

Соңғы курс студенттері алған білімдерін тәжірибеде әртүрлі компанияларда, сонымен қатар
ұсынылып отырған үш бағыттың біреуін таңдау арқылы дипломдық жобада қолдана алады:
  1. Отандық стартаптар мен ұйымдар үшін консалтингтік жоба
  2. Нархоз Университеті профессорларынің жетекшілігімен орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы
  3. Креативті стартап немесе кейс әзірлеу бойынша жұмыс

ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ