«Кәсіби асүйдегі заманауи технологиялар» атты шеберлік сабағы
«Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы алғашқы курс студенттерін тарта отырып қонақүйлер нарығымен белсенді жұмыс істейді.
2020 жылдың 16 қаңтарында «Кулинарлық өнер орталығы» базасында «Ecober» мейрамханалар мен қонақ үйлерге арналған алдыңғы қатарлы жабдықтар компаниясынан «Кәсіби асүйдегі заманауи технологиялар» атты қызықты шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын Алматыдағы танымал аспазшы Андрей Мокич өткізді, ол сонымен қатар «Кулинарлық өнер орталығы» фирмалық аспазшысы болып табылады.
Іс-шара қарсаңында бұл компания нархоз университетінің Мейрамхана және қонақ үй бизнесі мамандығының студенттерін тарту туралы өтініш жасады, бұған бірден-бір себеп алдыңғы өткізілген іс-шараларда біздің студенттеріміздің өздерін жақсы жағынан көрсете білулері болды. Осы компанияның менеджері Мария біздің студенттіріміздің қызығушылық сияқты қасиеттері, өздері таңдаған мамандыққа қаншалықты қызығушылық танытатындары, жаңа нәрсені үйренуге деген қызығушылық, практика жаңа таныстармен тоғыстыратыны туралы, сонымен қатар олар өздеріне ұнайтын іспен айналыса отырып ләззат алудың және көздеген мақсатқа қалай жетуге болатындығы туралы атап өтті.
Іс-шараға Мейрамхана және қонақ үй бизнесінің 2 курс студенттері, сонымен қатар сертификат және көптеген жағымды әсерлер алған кафедра оқытушылары қатысты. Болашақта осындай іс шаралар тұрақты негізде өткізілетін болады.