Менеджмент (ҒПМ) – NBS

Менеджмент (ҒПМ)

Бағдарлама туралы

Сіз болашақта нені қалайтыныңызды білесіз бе? Егер Сізде мақсатқа талпынушылық, еңбек нарығында бәсекеге түсе алатын мүмкіндігі бар, сұранысқа ие болуға ықыласыңыз болса,  «Менеджмент» бағыты бойынша магистратураға түсуге дұрыс таңдау жасадыңыз. Сонымен қатар, Narxoz Business School магистратурасын аяқтаған соң PhD бағдарламасына түсе аласыз.

Біздің бағдарлама менеджмент консалтингі, басқару мен бизнес аясындағы мамандарды дайындауға бағытталған. Сіз ұйым менеджментінің қағидалары мен әдістерін, ғылыми тәсілдерін қолдануға, сонымен бірге кешенді шешім қабылдауды үйренуге керекті заманауи кәсіби басқарушының құзыреттіліктер мен қажетті және ажырамас дағдыларына ие боласыз. 

Алынған кәсіби құзыреттіліктер басқару мен консалтингті жақсы жүзеге асыру үшін алғышарттар құрады: ұйымның операциялық және стратегиялық жоспарларын жасау, ұйым қызметін бағалау, персоналды басқару әдістерін жасау, ішкікорпоративтік ақпараттық және операциялық жүйелерді құру, бизнесті құру мен/немесе дамыту жобаларын басқару, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, маркетингтік кешендерді әзірлеу мен қызметтің басқа да қызықты жақтарын әзірлеу. 

Бағдарлама қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерді алуға жақсы мүмкіндіктер береді: мәліметтерді талдау мен ақпараттардың үлкен көлемімен жұмыс жасау, стандартты емес міндеттерді шешу, сұхбаттасушылардың түрлі мәдениеті мен көзқарастары, пікірталасқа дайындығы мен ортақ тіл табыса білуі, басқарушыға тән дағдыларды дамыту мен шет тілінде тілдесу.  

Сізді не күтіп тұр:

  • бағдарлама ғаламдық нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қабілетті және халықаралық жобаларды басқаратын басқарушыларды дайындайды;
  • жеке білім алу траекториясы; таңдап алған білім алу траекториясы шегінде пәндерді таңдау нұсқаларының кеңдігі;
  • оқу үдерісінде құзыреттілікке негізделген әдісті жүзеге асыру;
  • шаруашылық субъектілердің қызметін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен оларды есептеу әдістемесін жасау мен негіздеу; белгісіздік факторларын есепке ала отырып жобалардың тиімділігін бағалауды жүргізу;
  • экономикалық есептеулерді жүргізу үшін ақпарат көздерін іздеу, талдау және бағалау;
  • басқаруды ұйымдастырудың қолданыста бар нысандарын талдау; оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мен негіздеу;
  • СМС® сертификатын алу мүмкіндігі бар (Менеджмент бойынша Қазақстандық кеңесшілер Палатасы, CMC Kazakhstan).

Оқу аяқталғаннан кейін Сіз келесілерді орындай аласыз:

  • ұйым қызметін бизнес ортамен өзара байланысқа түсетін біртұтас жүйе ретінде қарастыру арқылы консалтингтік менеджмент әдістерінің көмегімен ұйымның өсу стратегиясын жасау;
  • ілгеріленген аналитикалық дағдыларды, сандық және сапалық әдістерді, сыни ойлауды қолдану арқылы тәуекелдерді ескере отырып стандартты емес шешімдерді қабылдау және олардың салдарын бағалау негізінде қызмет кезеңдерін жоспарлау;
  • тәуекел мен дамудың баламалы мүмкіндіктерін есепке ала отырып тиімді стратегия жасау арқылы ұйым көшбасшысы болу, сонымен қатар, менеджмент, маркетинг және деректерді талдаудың функционалдық аяларында парадигмалар мен теориялық әзірлемелерді, жаңа тұжырымдамаларды пайдалану арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізу үдерісінде жағдайдың өзгеруіне байланысты стратегияларды реттеу;
  • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қолдау (әлеуметтік әділеттілікті қолдау) мен ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін ішкі ресурстарды тиімді басқару;
  • ұйымның өзгеру қажеттілігін анықтау мен адам ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану арқылы өзгерістерді қабылдауға қатысты персонал мінез-құлығын жобалау;
  • ұйымда жаңа үдерістерді жасау мен енгізу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін әртүрлі топтар құру мен олардың қызметін басқару.

Мансап

Бағдарлама этикалық нормалар мен әлеуметтік жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттерге ие, жиі өзгеретін бизнес ортада компания стратегиясын жасау және стандартты емес кешенді шешімдер қабылдауға қабілетті жоғарғы және ортаңғы буын менеджерлерін дайындайды.  

Мансап траекториялары әртүрлі болуы мүмкін:

  • тәуелсіз кеңесшілер;
  • мемлекеттік басқару жүйесі;
  • түрлі нысандағы коммерциялық емес ұйымдар;
  • коммерциялық сектор, халықаралық компаниялар;
  • шағын және орта бизнес сектор;
  • дағдарысты өту, болдырмау және алдын алу аясындағы менеджер;
  • жоба менеджері.  

Тағылымдама және магистерлік диссертация

Оқу жоспарына сәйкес университетте магистранттар мамандық бейіні бойынша І курста педагогикалық тәжірибе, сонымен қатар ІІ курста магистерлік диссертацияның зерттеу объектісі болып табылатын бизнес-серіктестің базасында зерттеу тәжірибесін өту қарастырылған. 

Бағдарлама бойынша

Оқу тілі: қазақ, орыс

Білім алу мерзімі: 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт)

PhD бағдарламасына түсу мүмкіндігі

Бағдарлама CMC Kazakhstan, Қазақстандық кеңесшілер Палатасымен бірге жасалынған.

ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ