``Қаржы және деректерді талдау`` департаменті
Айнагүл Адамбекова
Айнагүл Адамбекова Нархоз университеті Бизнес мектебінің “Қаржы және деректерді талдау” департаментінің директоры. Профессор, экономика ғылымдарының докторы, сондай-ақ DipIFR және CIB кәсіби сертификаттары бар. Айнагүл 180-ге жуық ғылыми еңбектердің, оның ішінде 14 оқулық, оқулықтар мен монографиялардың авторы. Ол сондай-ақ Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, А. Байтұрсынов атындағы Алтын медаль жеңімпазы, 2006, 2007, 2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының Үздік оқытушысы, білім беру ұйымдарын аккредитациялау және ғылыми зерттеу саласындағы аккредиттелген сарапшы. Айнагүлдің Қазақстанның банк жүйесінде және жоғары білім жүйесінде зор тәжірибесі бар.
``Есеп, талдау және аудит`` департаменті
Айгуль Джондельбаева
Айгуль Джондельбаева “Есеп, талдау және аудит” департаментінің директоры қызметін атқарады, Экономика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы. Айгүл Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. Нархоз университетінде 1999 жылдан бері жұмыс істейді. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын (2010 ж.) және «Қаржы» мамандығы бойынша PhD докторлық диссертациясын (2014 ж.) қорғады. Айгуль CAP, Кәсіби бухгалтер және ACCA DipIFR сертификаттарының иесі.
``Менеджмент және маркетинг`` департаменті
Мадина Субалова
Мадина Субалова “Менеджмент және маркетинг” департаментінің директоры қызметін атқарады. Шығыс Англия университетінде Маркетинг магистрі және іскерлік әкімшілендірудегі PhD дәрежесін алған. Нархоз Университетіне келгенге дейін Шығыс Англия университетінде және Қазақ-Британ университетінде сабақ берді. Мадина микроқаржылық ұйымдарды және олардың шағын ұйымдарды тіркеу үрдісіне әсерін зерттеумен айналысады.Ол өз зерттеулерін, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік пен Қазақстанда кластерлерді қалыптастыру саласы бойынша кеңейте отырып жүргізеді.
``Туризм және сервис`` департаменті
Елена Абенова
Елена Абенова Нархоз университетінің “Туризм және сервис” департаментінің директоры болып 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұған дейін ол туризм, маркетинг және коммерция кафедраларында сабақ берді. РМКБ-ның мүшесі ретінде Елена туризмдегі білім беру бағдарламаларын және бүкіл Қазақстан бойынша мейрамхана және қонақ үй бизнесін дамыту және тестілеу бойынша мол тәжірибеге ие. 2015 жылдан бастап – НААР сарапшысы, туризм, қонақ үй және мейрамханалар кәсіби қауымдастығының белсенді мүшесі – КТА және КАГИР. Туризм индустриясы, мейрамхана және қонақ үй бизнесі үшін мамандарды даярлау, кәсіптік білім беру сапасын жақсарту, оқыту әдістемесі, білім берудегі менеджмент, оқытудың интерактивті әдістері мен нысандарын енгізу сұрақтары бойынша маманданған.. Елена 30-дан астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, сонымен қатар 5 оқулықтың авторы.