Менеджмент (ҒПМ)
Бағдарлама туралы
Біздің бағдарлама менеджмент консалтингі, басқару мен бизнес аясындағы мамандарды дайындауға бағытталған. Сіз ұйым менеджментінің қағидалары мен әдістерін, ғылыми тәсілдерін қолдануға, сонымен бірге кешенді шешім қабылдауды үйренуге керекті заманауи кәсіби басқарушының құзыреттіліктер мен қажетті және ажырамас дағдыларына ие боласыз.
Алынған кәсіби құзыреттіліктер басқару мен консалтингті жақсы жүзеге асыру үшін алғышарттар құрады: ұйымның операциялық және стратегиялық жоспарларын жасау, ұйым қызметін бағалау, персоналды басқару әдістерін жасау, ішкікорпоративтік ақпараттық және операциялық жүйелерді құру, бизнесті құру мен/немесе дамыту жобаларын басқару, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, маркетингтік кешендерді әзірлеу мен қызметтің басқа да қызықты жақтарын әзірлеу.
Бағдарлама қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерді алуға жақсы мүмкіндіктер береді: мәліметтерді талдау мен ақпараттардың үлкен көлемімен жұмыс жасау, стандартты емес міндеттерді шешу, сұхбаттасушылардың түрлі мәдениеті мен көзқарастары, пікірталасқа дайындығы мен ортақ тіл табыса білуі, басқарушыға тән дағдыларды дамыту мен шет тілінде тілдесу.
Сізді не күтіп тұр:
Оқу аяқталғаннан кейін Сіз келесілерді орындай аласыз:
Мансап
Мансап траекториялары әртүрлі болуы мүмкін:
- тәуелсіз кеңесшілер;
- мемлекеттік басқару жүйесі;
- түрлі нысандағы коммерциялық емес ұйымдар;
- коммерциялық сектор, халықаралық компаниялар;
- шағын және орта бизнес сектор;
- дағдарысты өту, болдырмау және алдын алу аясындағы менеджер;
- жоба менеджері.
Тағылымдама және магистерлік диссертация
Бағдарлама бойынша
Білім алу мерзімі: 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт)
PhD бағдарламасына түсу мүмкіндігі
Бағдарлама CMC Kazakhstan, Қазақстандық кеңесшілер Палатасымен бірге жасалынған.