Маркетинг – NBS

«Маркетинг» мамандығы

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Аналитикалық дағдылары мен идеяларды қалыптастыру қабілеті бар коммуникативті және стресске төзімді адамдар үшін. Біздің бағдарлама студенттерді ұйым мен оның клиенттік базасы арасындағы байланыс құралы бола білуге үйретеді, сол арқылы олар компанияның табысының артуына ықпал етеді. Сіз нақты міндеттер мен бизнес мәселелерді шешуде өз күшіңізді сынап, елдегі ең ірі ұйымдарда тәжірибеден өтуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, әріптес университетте оқып, тәжірибелі маркетологтармен танысуға мүмкіндік аласыз. Біздің түлектер бизнесте де, коммерциялық емес ұйымдарда да сұранысқа ие.

Оқуды аяқтағаннан кейін сіз жасай аласыз:

  • маркетинг саласында зерттеулер жүргізіп және оны басқара аласыз
  • бәсекелестердің өніміне, тұтынушылардың талғамдары мен қажеттіліктеріне талдау жасай аласыз
  • бәсекелестердің алдында брендтің артықшылығын анықтай аласыз
  • жай жарнамадан бастап ивент-маркетингті пайдалана отырып брендті нарықта тарата аласыз
  • пиар-кампанияның тиімділігін бағалай аласыз
  • коммуникативті стратегияларды жасап әрі басқара аласыз
  • тауарды өткізу жүйесін жасауға қатыса аласыз

Оқу жоспары бойынша ақпарат

БИЗНЕС МЕКТЕБІНІҢ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Бизнестегі сандық әдістер
  • Басқарушылық экономика
  • Қаржылық есепке кіріспе
  • Шешім қабылдау үшін есеп
  • Қаржы негіздері
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Көшбасшылық коммуникация дағдылары
  • Ұйымдық мінез-құлық
  • Корпоративтік басқару және құқық
  • Перспективті зерттеулер және болжау

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Тұтынушылар мінез-құлқы
  • Маркетингтік зерттеулер
  • Біріктірілген маркетингтік коммуникациялар
  • Маркетингтік стратегия

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ

  • Сатуды басқару
  • Брендтерді басқару
  • Интерактивті маркетинг және машиналық оқыту
  • Сандық маркетинг және әлеуметтік желілер
  • Кәсіпкерлік маркетинг
  • В2В маркетинг
  • Ғаламдық, этикалық және тұрақты маркетинг
  • Тұтынушылық және маркетингтік талдау

ҚОРЫТЫНДЫ ЖОБА

Соңғы курс студенттері алған білімдерін тәжірибеде әртүрлі компанияларда, сонымен қатар
ұсынылып отырған үш бағыттың біреуін таңдау арқылы дипломдық жобада қолдана алады:
  1. Отандық стартаптар мен ұйымдар үшін консалтингтік жоба
  2. Нархоз Университеті профессорларынің жетекшілігімен орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы
  3. Креативті стартап немесе кейс әзірлеу бойынша жұмыс

ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ