Ресторан ісі және қонақүй бизнесі – NBS

«Ресторан ісі және қонақүй бизнесі» мамандығы

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Өз қонақ үй немесе ресторан бизнесін ашқысы келетін, жедел шешім қабылдай алатын, коммуникативті және белсенді адамдарга арналған. Бағдарлама  қонақжайлылық индустриясының іскерлік аспектілеріне баса назар аударады және қаржы мен маркетингтен аспаздық теориясы мен қонақ үй бизнесі сияқты сан алуан тақырыптарды қамтиды. Студенттерді негізгі сабақтарымен қатар, танымал практиктердің лекциялары, мейрамхана ісі зертханасы және кәсіпорындарға экскурсиялар күтеді. Біз индустрияның құрылымы мен жұмыс істеуін терең түсінуге, сондай-ақ қызмет көрсетудің тамаша сапасын қамтамасыз ету үшін клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілдерін меңгеруге ерекше назар аударамыз.

Бітіріп шыққаннан кейін мына салаларда мансапты құруға болады:

  • қоғамдық тамақтандыру орындарында
  • конференция мен іс-шараларды ұйымдастыру салаларында
  • туризм және демалыс салаларында
  • ойын-сауық салаларында

Оқу жоспары бойынша ақпарат

БИЗНЕС МЕКТЕБІНІҢ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Бизнестегі сандық әдістер
  • Басқарушылық экономика
  • Қаржылық есепке кіріспе
  • Шешім қабылдау үшін есеп
  • Қаржы негіздері
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Көшбасшылық коммуникация дағдылары
  • Ұйымдық мінез-құлық
  • Корпоративтік басқару және құқық
  • Перспективті зерттеулер және болжау

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ МІНДЕТТІ ПӘНДЕРІ

  • Туризм және қонақжайлылық индустриясына кіріспе
  • Туризм және қонақжайлылық менеджменті
  • Сервисті басқару және сапаны құру
  • Туризм және қонақжайлылық саласындағы тұтынушылардың әрекеті

НЕГІЗГІ МАМАНДАНУ ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ

  • Табысты басқару, бақылау және жоспарлау
  • Туризм мен қонақжайлылықты реттеу және қауіпсіздік
  • Мәдени мұра және мәдениетаралық басқару
  • Сандық технологиялар және қонақжайлылық инновациясы
  • MICE және event менеджмент
  • Туризм және қонақжайлылық экономикасы
  • Сатып алу және өнім сапасын басқару
  • Гастрономия және тамақ дизайны
  • Гастрономиялық туризм
  • Қонақжайлылықты жоспарлау, дамыту және дизайн

ҚОРЫТЫНДЫ ЖОБА

Соңғы курс студенттері алған білімдерін тәжірибеде әртүрлі компанияларда, сонымен қатар
ұсынылып отырған үш бағыттың біреуін таңдау арқылы дипломдық жобада қолдана алады:
  1. Отандық стартаптар мен ұйымдар үшін консалтингтік жоба
  2. Нархоз Университеті профессорларынің жетекшілігімен орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы
  3. Креативті стартап немесе кейс әзірлеу бойынша жұмыс

ОҚУҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ