МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ PR-ТЕХНОЛОГИИ – NBS

Нархоз – Ковентри қос дипломының оқу жоспары МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ PR-ТЕХНОЛОГИИ

Клиенттердің қажеттіліктері мен ұйымдардың мақсаттарына сай келетін бейне мен көріністі жасауға биім маркетинг жөніндегі менеджер,  қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер немесе кеңесші ретінде өз болашағыңды жаса.

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Қос диплом бағдарламасының бітірушілері Маркетинг және PR-технологии бағдарламасының түлектері өз ұйымдарының ең жақсы қызметтерін тұтынушыларға, олардың қажеттіліктері мен қалауларын ескере отырып жеткізуге дайын. Кеңесшілер, менеджерлер және  PR мамандары ретінде бітіруші түлектер өздерінің ұйымдарының өнімдерін, қызметтерін және имиджін нарық қажеттіліктерін және мүдделі тараптардың кең ауқымын ескере отырып жасауға дайын болады. Маркетинг және PR-технология мамандығы 21 ғасырдың тұтынушыларының қажеттіліктеріне арналған PR және маркетинг бойынша шығармашылық және білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Жұмыспен қамту

Трансұлттық корпорациялар, Шағын және орта бизнес
Бағдарлама түлектері маркетологтар мен PR-мамандары ретінде стартаптарда да, трансұлттық корпорацияларда да жұмыс жасай алады. Біздің түлектер идеяны, нарықта құны бар өнімге айналдыра алатын команданың табысы мен  беделі үшін жауапты мамандар.
  • Маркетологтар
  • PR-мамандар
  • SMM менеджері
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫ, МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР
Түлектердің пәнаралық тәжірибесі бар, PR және маркетинг саласында зерттеулер жүргізу дағдысына ие, мемлекеттік және жеке ұйымдарда зерттеуші қызметінде жұмыс жасауға дайын. Үкіметтік және коммерциялық ұйымдар, әлі де болса, жұмыс берушінің идеяларын, оның қайырымдылық және саяси бастамаларын насихаттауға, алға жылжытуға және қолдауға қабілетті PR және маркетолог мамандарына мұқтаж.
  • ҮЕҰ үшін PR
  • Жұртшылықпен және мемлекеттік органдармен байланыс
  • Қолдау және жылжыту
PR және маркетингтік қызмет көрсететін консалтингтік компаниялар
Маркетинг және PR-технологии бағдарламасы студеттерді әртүрлі салалар мен индустрияларда жұмыс жасауға даярлайды. Түлектер кең ауқымды дағдылармен зор практикалық және теориялық білімге ие,  олар өз өнімдерінің нарығын құруға немесе өз имиджін жақсартуға ұмтылатын мемлекеттік және жеке ұйымдарға консалтингтік және кеңес беру қызметтерін ұсына алады.
  • Маркетинг және PR саласындағы кеңесшілер
  • Маркетинг және PR саласындағы эдвайзерлер
  • Бренд-менеджерлер

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

  • 4 жыл үшін 2 диплом: Нархоз Университеті және Ковентри университеті
  • Мансаптық өсудің жаһандық мүмкіндіктері: Ковентри университетін бітіргеннен кейін сіз Ұлыбританияда жұмыс істеуге немесе магистратурада оқуды жалғастыруға құқылы боласыз
  • Ковентри университетінің екінші оқу жылындағы жазғы мектебі
  • Англиядағы халықаралық тәжірибе
  • Нархозда 3 жыл және Ковентриде соңғы жыл
  • Инкубациялық орталық, шетелдік және жергілікті кәсіпкерлермен, студенттер мен оқытушылармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін алмасу мүмкіндіктері

БАҒДАРЛАМА МӘЛІМЕТТЕРІ

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ ПӘНДЕРІ

  • Халықаралық менеджмент
  • Өнімділікті басқару
  • Ивент менеджмент
  • Қоғаммен байланыс
  • Әлеуметтік медиа және сандық маркетинг
  • Маркетинг талдауы
  • Бренд-менеджмент
  • Жаһандық маркетингтік стратегия

ТӘЖІРИБЕ

  • Ковентри университетінің екінші оқу жылындағы жазғы мектебі
  • Қазақстанда үшінші оқу жылында тәжірибеден өту
  • Төртінші оқу жылында халықаралық тәжірибе

БІТІРУШІ ЖОБА

Ковентридегі төртінші оқу жылында бітіруші курс студенттері дипломдық жобаны жазып, оны онлайн форматта қорғауы керек. Бітіру дипломдық жұмысы үшін студенттер алған білімдерін практикада қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады:

  • Старт-аптарға немесе ұйымдарға арналған консалтингтік жоба
  • Нархоз университеті мен Ковентри университетінің профессорларының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмысы
  • Кейс немесе креативті стартап жасау жұмысы

ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАТЫНЫН БІЛІҢІЗ